Бұл жайлы Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақов облыстағы көктемгі далалық жұмыстарға дайындық барысына арналған брифингте айтты.
Сатқан Ержанұлының сөзіне сүйенсек, мемлекеттік қолдаулар және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге берілетін қаржылық лизинг арқылы облыс бойынша соңғы үш жылда 4 млрд. 60 млн. теңгеге 935 арнайы техника сатып алынған. Олардың қатырында 426 трактор, 14 дәнді дақылдар жинайтын комбайн, 73 шөп шабатын және тағы басқа техникалар бар. Соңғы үш жылдағы ауыл шаруашылығы саласындағы машина-тракторлық парктің жаңаруы 3 пайызды құрап отыр. Айта кету керек, облыстағы көлемі 59700 шаршы метр 90 жылыжайдың 53-і 48500 шаршы метрге дақылдар еккен. Дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде.
Ясипа РАБАЕВА,
zhaikpress.kz