7.07.2022, 12:30
Оқылды: 39

БҚО-да «Ұялы» ЖШС-ның  өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 18 шілдеде сағат 10:00-де тарату желілері бойынша су беру қызметіне тарифті индекстеу деңгейінен асатын шамаға тарифті өзгерту туралы «Ұялы» ЖШС-ның өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

Жария тыңдау мына Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Ұялы ауылы, Маданов көшесі,6  әкімдік ғимаратында өтеді.

Департамент тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға шақырады.

Сонымен қатар көптеген мүдделі тұлғаның қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Жария тыңдау ZOOM қосымшасында (конференция идентификаторы: 843 1242 5245, кіру коды: rBG26J) және Facebook әлеуметтік желісінің ресми бетінде қатар өтеді.

Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «facebook» желісінің іздеу жүйесінде ДКРЕМ ЗКО атауын енгізу қажет.

Кез келген адам онлайн режимде сұрақтарын қоя алады.

Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112)250383.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу

комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале