17.10.2023, 17:30
Оқылды: 61

БҚО-да ветстанцияларға жаңа көлік берілді

25 қазан Республика күніне орай БҚО-да ветеринария басқармасына бағынысты аудандық ветеринариялық станцияларға жаңа көліктер алынған. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев су жаңа көліктердің кілтін салтанатты түрде табыстады. Барлығы 18 автокөлік 235 миллион теңгеге алынған.

вет

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі ветеринария саласына жасалып жатқан мемлекеттік қолдау туралы атап өтті.

-Бүгін облысымыздың ветеринариялық станцияларына қызметтік автокөліктерді табыстағалы тұрмыз.
Бүгінгі іс-шара – осы маңызды миссияны жүзеге асырудағы қадамдардың бірі. Биыл ветеринария саласында атқарылған игі істер аз емес: облыс аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаражат өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артып, 2 млрд. 653 млн. теңгені құрады. Оның 235 млн. теңгесі автокөліктерді сатып алуға жұмсалды. Ветеринарлық станция мамандарының жалақысы 22%-ға артып, еңбек демалысына шыққанда екі айлық сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене бастады. Ветеринарлық станция қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында жаңа компьютерлер алынды. Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында жақын арада жаңа ветеринариялық пункт пайдалануға берілді. Алдағы жылы ветеринарлардың жалақысын тағы да арттыру көзделген, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

a1ab83d8-04c6-4b70-a764-f9dd0510c8cc

Айта кетейік, облыста басқармаға қарасты 13 ветеринариялық станция мен 147 пункт бар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале