30.07.2024, 15:17
Оқылды: 47

БҚО-да Халықаралық Жастар күні 12 күн атап өтіледі

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қадралиев айтты.

2f989713-aae8-4e5b-8c4e-7275583ecc3d

 - Облысымызда «Халықаралық жастар күніне орай» бірнеше ауқымды шара өтеді. Биыл екінші мәрте «Жайық жастары» фестивалі ұйымдастырылады. Жастар күні 12 күн тойланады.  Алдымен 1-3 тамыз күндері Оралда көктемгі су тасқыны кезінде тасқынның алдын алуға атсалысқан волонтерлерге арналған жазғы жастар лагері өтеді. Сонымен қатар облыс әкімімен лагерь қатысушылары және өзге де белсенді жастардың кездесуін өткізу жоспарланып отыр.

Биыл алғаш рет облыста «Жайық жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып жатқандығы баршаңызға мәлім. Аталған бағдарлама аясында 35 жас отбасы пәтер алды. Жыл соңына дейін тағы да кемінде 5-6 жас отбасы пәтер алады. Жастар күні қарсаңында облыс әкімі Н.Төреғалиев бірнеше жаңа пәтер иесіне пәтер кілтін табыстап, арнайы құттықтайды.

3 тамызда облыс жастары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында бір мезгілде Оралда және облыстың барлық ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аумақты жинау және абаттандыру жүргізіледі. Аталған акцияға Облыстың 5000-нан астам жасын тарту жоспарланып отыр.

4 тамызда қала мен барлық ауданда бір мезгілде облыс жастары үшін табысты адамдармен мотивациялық кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Оралда аталған шараны қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткізіліп, оған Азат Рашидов, Азамат Аленов және жас меценат, кәсіпкер Әлішер Мағзом қатысады.

Аталған шараларда облыс бойынша 15 мыңнан астам жасты қамтуды жоспарлап отырмыз, - деді Дархан Кадралиев.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірдегі барлық жастар ресурстық орталық «Батыс Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп 5 тамыз – «Жастарға кеңес», 6 тамыз – «Білім берушілер додасы», 7 тамыз – «Бастаңғы», 10 тамыз – «КТК: облыс әкімінің кубогі» шараларын өткізеді. Жүлде қоры – 1 миллион 800 мың теңге. Басты шара 10-12 тамыз күндері өтетін «Жайық жастары» фестивалі. Фестивальдің галаконцертінде Bytanat пен Еркеш Хасен сынды эстрада жұлдыздары өнер көрсетпек.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале