6.11.2023, 11:00
Оқылды: 23

БҚО-да Жайық өзені жағасынан 56 жастағы адамның денесі табылды

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзені жағасынан 56 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Kazinform.

жп су

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Бәйтерек ауданы аумағында болды.

«4 қараша күні сағат 15.10-да Январцев ауылы маңында Жайық өзені жағасынан 1967 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм тоңып өлген. Январцев ауылында тұрған ер адам биылғы 14 қыркүйекте жоғалып кеткен, жұмыс істемеген. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексерудің тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізуде» деп хабарлады ведомстводан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале