Бұл туралы БҚО автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы М.Шақаев айтты.
«Ақжайық ауданының Чапаев ауылы аумағында Жайық өзені арқылы өтетін автомобиль көпір өткелін салу» жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Жобаның құны - 33,9 млрд теңге. Жобаны іске асырудың басталуы 2019 жылға жоспарлануда.
Есептеулер бойынша, көпір құрылысы жолдың ұзындығын шамамен 1000 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді, Кавказ және Кавказдың арғы жағындағы республикаларға, Ставрополь және Краснодар өлкелеріне, сондай-ақ Еуропа құрлығының оңтүстігіне тауарлар жеткізуді жеңілдетеді. Бұдан басқа, көпірдің жол бойындағы тұратын халық үшін әлеуметтік маңызы бар: жаңа жұмыс орындарының ашылуы, жол бойындағы сервистік және инфрақұрылым объектілерінің құрылуы Волгоград пен Батыс Қазақстан облыстары аудандарының экономикасын жандандырады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы биыл 5 жыл мерзімге «Чапаево-Жаңақала-Сайхын, 0-336 шақырым» (қара жамылғылы-129 шақырым, қиыршықтасты-74 шақырым, топырақты-134 шақырым) облыстық маңызы бар автомобиль жолын сервистік қамтамасыз ету» пилоттық жобасын іске асыруда. Қазіргі таңда конкурс жеңімпазы - «Жолаушы-Жол» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Келісімшарт сомасы 1 млрд. 177 млн. 555 мың теңге.
zhaikpress.kz