30.07.2024, 15:25
Оқылды: 39

БҚО-да «Жайық Жастары» фестивалі өтеді

10 тамыз сағат 19:00-де Қадыр орталығының амфитеатрында «Жайық жастары»  фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді.

7f09b989-283a-498e-b351-374eeb4e94b1

Аталған фестивальге 12 аудан және Орал қаласының командасы қатыспақ.

- Жастар 11-12 тамыз  күндері спорт, өнер, білім бағыты бойынша бақ сынап, 13 аталымда үздіктер анықталады. Әр аталым бойынша жүлделі орын алған жастарға қаржылай сыйлық пен статуэтка, медальдар табысталады.

Фестивальдің жалпы жүлде қоры - 2 миллион 300 мың теңге. Жалпы командалық орынға 500, 300, 200 мың және әр аталым бойынша 100 мың теңге беріледі, - деді өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Аңсар Ибраев.

Фестиваль қатысушыларына  қойылатын талаптар қандай?

-Фестивальге 14-35 жас аралығындағы БҚО жастары қатыса алады;

-Қатысушы соңғы 6 ай мерзімінде сол команданың жергілікті тұрғыны болуы тиіс. Жергілікті тұрақты мекенжай анықтамасы және жеке куәлік көрсетілуі міндетті;

-Қатысушы команданың жетекшісі жергілікті қалалық немесе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшылары болуы тиіс және қатысушылардың дәрігердің рұқсатнамасы болуы міндетті;

-Фестиваль 13 номинациядан тұрады:

-Жастар спортта шағын футбол, волейбол, арқан тартыс, қазақ күресі, аударыспақтан жарысады;

-Өнерде эстрадалық ән, ұлттық би, сурет салу, терме, үздік ақын анықталады;

-Білім аталымында ғылыми жоба ұсынады, пікір-сайыс турнирі өтеді, «Үздік мобилограф» анықталады.

12 тамыз сағат 20:00-де Орал  қалалық мәдениет және демалыс саябағында фестивальдың жабылуы өтеді.

10 жасқа әрқайсысына 1 миллион теңгеден жастар бастамаларын, олардың бизнес идеяларын қолдауға бағытталған өңірлік «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты беріледі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале