30.10.2025, 17:00
Оқылды: 250

БҚО-да жаңа кардиоорталық қашан салынады?

Бүгін, БҚО-на жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиевке осындай сұрақ қойылған болатын. Сұраққа жауап берген вице-министр қазір жүрек-қан тамырлары ауруларының өте көп екеніне тоқталды.

WhatsApp Image 2025-10-30 at 11.44.03 (1)

- Өкінішке орай, қазір жүрек-қан тамырлары аурулары өте көп. Тек осы жылдың өзінде 261 кардиологиялық ота жасалды. Біз жүрек, қан айналымынан адамдардың қайтыс болып кетуі фактілерін төмендету мақсатында жұмыстанып келеміз. Адамдардың өмір сапасын жақсарту, өмір сүру жасын ұзарту үшін бір қатар шаралар жасалуда. Соңғы үш жылда 633 денсаулық сақтау нысаны салынды. БҚО-на  кардиоорталық салу мәселесін біз талқылағанбыз. Жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп біз заманауи стандарттарға сай кардиоорталық құрылысын жүргізу керек екенін айттық. Біз қазір осы бағытта жұмыстанып жатырмыз, - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев.

WhatsApp Image 2025-10-30 at 11.19.21 (1)

Вице-министр өз сөзінде Бөрлі және Казталов аудандарындағы ауруханаларды жаңғырту мәселесі қаралып жатқанын да атап өтті.

 

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале