5.01.2025, 10:44
Оқылды: 56

БҚО-да Жаңа жыл күні 16 сәби дүниеге келді

Жаңа жыл күні дүниеге келгендер қатарында егіз ұл бала да бар. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

WhatsApp Image 2025-01-05 at 11.37.21Фото авторы: Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

-Мереке күндері дәрігерлер үздіксіз қызмет атқарды. 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күндері 16 сәби дүниеге келді. Олардың 12-і ұл, 4-еуі қыз бала. Ал қалалық көпбейінді аурухананың босану бөлімінде егіз ұл бала келіп отбасын қуанышқа бөледі. Қазір аналар мен балалардың жағдайы жақсы, - деп атап өтті БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Шынар Датқызы.

Жанат Көшкінбай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале