2023 жылдың қыркүйегінен бастап «Қорған-М» қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласында және БҚО-да тұратын NEET санатына кіретін жастарды қолдау жөніндегі жобаны іске асырып келеді.
Фото: pixabay.com
- Жоба аясында 2023 жылы Батыс Қазақстан облысында тұратын NEET санатындағы жастарға 8 шағын грант бөлінді. Биыл жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған NEET санатындағы (уақытша жұмыссыз жастар) жастарға (18 жастан 35 жасқа дейінгі) әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде 1 000 000 теңгеге дейін 8 шағын грант конкурстық негізде беру жоспарланып отыр, - дейді жобаның БҚО-дағы менеджері Алма Төлепқалиева.
Әлеуметтік жобаға қойылатын талаптар 2023 жылғы «ZHAS PROJECT» шағын гранттар конкурсы туралы ереженің 3-тармағына сәйкес қойылады.
Өтінім беруші ұсынған жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге немесе жастардың осал топтарын қолдауға бағытталуы және жобаны төрт айдан аспайтын мерзімде іске асыруы тиіс.
Өтінім 25 наурыздан бастап, 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Іріктеу нәтижесі 15 мамырда әлеуметтік желілерде және ұйымдастырушының сайтында жарияланады.
Конкурс туралы барлық ақпарат https://prozhas.kz/ сайтында және жобаның https://t.me/ZhasProShymkentZKO_bot Telegram-ботында өтінімді қабылдау басталмас бұрын жарияланады.
zhaikpress.kz