10.01.2019, 13:43
Оқылды: 77

БҚО-да «Жас сарбаз» патриоттық клубтары құрылады

IMG_2634Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

- Оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру, әскери-патриоттық клуб жұмысын жолға қою мақсатында 2019-2020 оқу жылында облыс орталығында – 3, әр аудандарда біреуден, барлығы 15 «Жас сарбаз сыныбын» ашуды жоспарладық, - дейді басқарма басшысы.

Елімізде әскери-патриоттық қозғалыстың дамуына Жас армияшылар бірлестіктерінің республикалық штабы, «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар қозғалысы мен әскери-патриоттық клубтар үлес қосуда. 2017 жылы «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық балалар және жасөспірімдер республикалық қозғалысы құрылған болатын.

Нұрлыбек Рахманов,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале