21.10.2023, 13:38
Оқылды: 54

БҚО-да жастар форумы басталды

"Атамекен" өнер ордасында "Қыран елім – Қазақстаным" атты патриоттық жастар форумы басталды. Форум 25 қазан Республика күніне орай өтуде. Форумға облыстың белсенді жастары қатысуда.

InShot_20231021_124719599

Бұл форумға бүгін 1200-ден астам жас шақырылған. Олардың қатарында белгілі спортшылар, кәсіпкер жастар мен өнерде жетістікке жеткен талантты жастар бар.

InShot_20231021_133656330

Жастар алдында облыс әкімі Нариман Төреғалиев сөз сөйлеп, облыс жастарын Республика күнімен құттықтады.

"Мен сіздерді Республика күнімен құттықтаймын. Біздер облыс жастарына сенеміз. Бүгінгі жастар патриоттық форумының жұмысына сәттілік тілеймін.

Биылғы жылы жастарды қолдау шаралары кең көлемде жүргізілді. Біз қазіргі уақытта жаңа бизнес идеяларды қолдауды күшейтіп отырмыз. Жастар арасындағы кәсіпкерлердің өсуіне қолдау көрсетіп келеміз. Биыл бірнеше жас мемлекеттік қолдаудың арқасында гранттар алды. Өкінішке орай жастардың әлеуметтік мәселелері әлі де шешуді қажет етіп отыр. Бұл бағытта жастар ресурстық орталықтарының жұмысын дамыту қажет.

Сіздер елдің болашағысыздар. Сіздермен мақтанамыз", - деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиев.

InShot_20231021_130557965

Сонымен қатар форум барысында "Тәуелсіздік ұрпақтары" мемлекеттік грантын ұтып алған жастарға арнайы сертификаттар табысталды.

InShot_20231021_131936699

Бүгінгі форумды БҚО Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырып отыр.

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале