Оқиға 11 қараша күні Тасқала - Орал тас жолында болған. 1994 жылғы азамат «Ваз-2115» көлігімен жолдың қарсы бетіне шығып, қарсы беттегі «Audi» автокөлігіне соғылады.
Оқиға салдарынан «Audi» автокөлігінің екі жолаушысы қайтыс болған. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ал түрлі дене жарақатын алған «Ваз-2115» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізілген.
- Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, - деді ведомство.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz