18 қаңтарда Орал-Атырау автожолында Ақжайық ауданы маңындағы 102 шақырымда «Ивеко» автокөлігінің жүргізушісі, 1974 жылы туған азамат көлік рөліне ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кеткен.
Автокөліктегі жолаушы алған жарақатынан трассалық-медициналық-құтқару пункті (ТМҚП) келгенше оқиға орнында қайтыс болды. ТМҚП «Ивеко» автокөлігінің жүргізушісіне медициналық көмек көрсетті.
Сонымен қатар 19 қаңтар 03 сағат 38 минутта Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округіне жақын Бітік ауылының маңындағы жолда «Фольцфваген-Пассат» автокөлігі жол жиегіне түсіп кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан трассалық-медициналық-құтқару пункті (ТМҚП) күшімен 4 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Көлік жүргізушісі медициналық көмекті қажет етпеді.
Осыған байланысты облыс тұрғындарынан шұғыл қажеттіліксіз ұзақ жолға шықпауды сұраймыз. Төтенше жағдай кезінде 112, 101 телефон нөмірлеріне хабарласыңыз.
Батыс Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаменті