Биылғы жылдың 1 қазанынан бастап Батыс Қазақстан облысында тұмау және ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекция) жағдайлары тіркелуде. Облыс бойынша тұмау 23 жағдаймен, ал ЖРВИ – 23 519 жағдаймен есепке алынды.

Фото: pixabay
ЖРВИ жағдайларының жас бойынша бөлінісі мынадай:
•14 жасқа дейінгі балалар – 16 101 жағдай,
•1 жасқа дейінгі сәбилер – 291 жағдай,
•жүкті әйелдер – 30 жағдай.
Тұмаудың 23 жағдайының ішінде А типінің H3N2 вирусы анықталған. 14 жасқа дейінгі балаларарасында 17 жағдай тіркелген, ал жүкті әйелдер арасында бір жағдай тіркелді, қалғаны ересектер.
Алдын алу шаралары:
1. Вакцинация: Тұмауға қарсы вакцинация әрбір адам үшін, әсіресе балалар мен жүкті әйелдерүшін маңызды.
2. Жеке гигиена: Қолды жиі жуу, қолдыбетке тигізбеу, жөтелгенде немесе түшкіргендеауызды сүлгімен жабу.
3. Қалалық және қоғамдық орындарда маска тағу: Вирустың таралуын азайтуға көмектеседі.
4.Дұрыс тамақтану және су ішу: Иммунитетті күшейту үшін дәрумендерге бай тамақ пайдалану қажет.
5. Ауырған жағдайда үйде қалу: ЖРВИ немесе тұмау белгілері пайда болса, дәрігергеқаралып, қоғамдық орындарға бармау қажет.
6. Үйді желдету және тазалық: Үй ішіндеауа алмасуын қамтамасыз ету және беткіқабаттарды үнемі дезинфекциялау.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды сақ болуға, балалар мен жүкті әйелдерді қорғауға шақырады. Алдын алушараларын орындау арқылы вирустың таралуын төмендетуге болады.
Кенжегул Мухитова
Батыс Қазақстан облысы
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің баспасөз маманы