Батыс Қазақстан облысында жүргізуші автокөлігімен ауыл ішінде мотоциклшіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: БҚО полиция департаментінен
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 сәуір күні кешкісін Бәйтерек ауданы орталығы Переметный кентінде болды.
«Шамамен сағат 19.30-да 1997 жылы туған жүргізуші «Volkswagen Passat» автокөлігімен келе жатып, Гагарин көшесі 92-үйдің қарама-қарсы бетінде бұрылу кезінде «Suzuki» мотоцикліне жол бермеген. Соның салдарынан мотоциклді тізгіндеген 35 жастағы жүргізушіні қағып кетті. Мотоциклші оқиға орнында жан тапсырды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.