2023 жылы БҚО-да қызылшаны 477 адам жұқтырса, 2024 жылдың басынан бері 79 адам жұқтырған.
Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев хабарлады.
- 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 11,4 пайызды құрап отыр. Тіркелгендер арасында 59 баланың жасы 14 жасқа да толмаған. Облысымызда қосымша жаппай иммундау шеңберінде 32 455 адам егілді.
Қызылша – қозғышы ауа-тамшылары арқылы немесе науқас адаммен тікелей байланыста таралатын вирус. Өте жұқпалы ауру.
Қызылша пневмония, жүректің зақымдануы, соқырлықтың дамуы, мидың ісінуі түріндегі асқынулармен қауіпті. Сондықтан вакцинация – қызылша ауруынан қорғанудың ең тиімді әдісі, - дейді Нұрлыбек Мұстаев.
zhaikpress.kz
Фотоға түсірген: Диас Закбаев