23.08.2024, 11:30
Оқылды: 228

БҚО-да жыл басынан бері 1 664 неке қиылды

1 шілдеден бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалы салтанатты жағдайда неке қиюды тіркейді. Рәсім Неке сарайында өтеді, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың баспасөз қызметі.

9CF9489B-D4E4-4B40-AC2E-85377A7EEACE

Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 1 664 неке қиылды. Салыстыру үшін, өткен жылы 2 876 жұп некеге тұру ниетін білдірді.

Енді некеге тұруға өтініш берген кезде болашақ жас жұбайлар салтанатты тіркеуді таңдай алады. Неке сарайында рәсім жанды музыкамен сүйемелденеді, фотографтың қызметтері ұсынылады және фуршет ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, ҚР «Неке және отбасы» туралы кодексінің 227-бабына сәйкес неке қию жас-жұбайлардың тілегі бойынша салтанатты жағдайда арнайы жабдықталған орындарда, мейрамханаларда немесе мемлекеттік неке сарайында өткізілуі мүмкін, ал азаматтық хал актілерін тіркеуші органның қызметкері ғана мемлекет атынан неке қию туралы куәлікті салтанатты түрде табыстайды.

Айта кетейік, осы жылдың тамыз айында АХАТ бойынша Орал қалалық бөлімде егіздердің салтанатты неке қию тіркеуі өткізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале