16.03.2017, 17:14
Оқылды: 40

БҚО-да жыл басынан бері 46 есірткі қылмысы анықталды

narkomaniya-v-rossii-nemnogo-statistiki1  БҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР  мемлекеттік шекарасы арқылы Ресейге контрабандалық жолмен есірткі затын тасымалдау бойынша  5 факті тіркелді.


  Тәркіленген есірткі затының салмағы 2157,80 г құраған. Оның ішінде 2157,45 г марихуанна және 0,2573 г экстракционды опия.

  Мәселен жуырда 1984 жылғы «А» есімді азаматтың тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында оның үйінен есірткі заттарын қолдану үшін есірткі притондарын сақтағаны белгілі болды. Тінту кезінде полицейлер ішінде белгілі сұйықтығы бар 5 пластикалық бөтелкесін және 4 медициналық инесін (шприц) тәркіледі. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес аталған сұйықтықтың «экстракционды опия» екені белгілі болды.

  Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 302-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

         zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале