30.05.2017, 11:47
Оқылды: 19

БҚО-да жыл басынан бері 590 гектар жер отқа оранды

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков мәлімдеді.


Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының аумағында жалпы көлемі 590 га құрайтын 140 өрт тіркелді. Негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы және құрғақ шөптерді рұқсатсыз өртеуінен пайда болуда. Мемлекеттік орман алқаптарының аумағында болатын өрттердің алдын алу мақсатында ұзындығы 2000 шақырым өртке қарсы минералды жолақ салу жоспарлануда, - дейді Н.Таубеков.

Сала мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта өртті уақытылы анықтау үшін орман алқаптарының аумағында 3 өртті бақылау мұнарасы жеткіліксіз. Аталған мәселені шешу үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалуда. Сонымен қатар өңір бойынша 6 өрт сөндіру бекеті құрылды. Қазіргі таңда Теректі ауданынның Аңқаты ауылындағы өрт сөндіру бекетінің келісімшарты жасалуда.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале