25.10.2017, 12:07
Оқылды: 119

БҚО-да жыл соңына дейін "Рухани жаңғыру" музейі ашылады

ruhani jangyruБұл туралы Астана қаласында өтіп жатқан брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.


 

Облыста Қасиетті орындар тізіміне алдымен ортағасырлық «Жайық» қалашығы мен «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешені кірсе, қазір олардың саны алтауға дейін жетті. Яғни, қосымша Тақсай қорған кешені, (б.з.д VI-V ғ.) Жұмағазы хазірет (ХІХ ғ), Ғұмар Қараш зираты және Жымпитыдағы Алашорда музейі.

- Өңірімізде жыл соңына дейін «Рухани жаңғыру» атты музей ашу жоспарлануда. Музейде «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалада көрсетілген міндеттер қамтылатын болады. Өңірімізден Қасиетті Қазақстан тізіміне енген тарихи орындардың көшірмелері, латын тілінде шыққан баспасөз, Алаш мұралары және тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері қамтылмақ.

Сонымен қатар аталған бағдарлама бойынша 20 жоба және 113 кіші жоба жүзеге асырылуда. Жобалық офисте бекітілген жоспарлар 2018-2022 жылдар аралығында жүзеге асыру көзделуде. Елбасының мақаласында көрсетілген 6 бағытқа толықтай сәйкес келеді, - деді А.Көлгінов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале