Бүгін таңертең 05:20 шамасында Казталов ауданының полиция бөліміне Казталов-Жәнібек автожолының 18-інші шақырымында жол апаты болғаны туралы хабарлама түсті.
Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Lada-2110 автокөлігінің жүргізушісі жылқымен соқтығысқан. Cалдарынан 30 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері жылқының иесін тапты. Оның Казталов ауданына қарасты Бірік ауылының 35 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұдан басқа, жылқы иесіне қатысты шешім қабылдап, ветеринариялық инспекцияға жіберу үшін ҚР ӘҚБтК 406-бабы бойынша материал жинақталады.
zhaikpress.kz