14.05.2021, 15:35
Оқылды: 271

БҚО-да жылқы шаруашылығына арналған семинар өтуде

11-15 мамыр аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті базасында «Жылқылардың тұқымдық құндылығын бағалау. Жылқы өсіру технологиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтуде. жы1

Оқу орнының AGROTECH HUB жобалық кеңсесінде өтіп жатқан іс-шараға батысқазақстандық және Атырау, Ақтөбе облыстарынан жылқы шаруашылығына қатысы бар тыңдаушылар қатысты.

жы2

Оларға асыл тұқымды жылқыларды сақтап қалу, генетикалық зерттеу жүргізу бағытында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Нәбидолла Кикебаев, Ақтөбедегі республикалық жылқы палатасының ғалымдары дәріс оқыды.

Курс барысында тәжірибелік сабақтар жүргізіліп, қатысушылар Теректі ауданындағы «Ақбота» және «Рысжан» шаруа қожалықтарында, университет жанындағы ғылыми зерттеулер жүргізетін сынау орталығында болды.

36 сағаттық курс жұмысының соңында қатысушыларға сауалнамалар жүргізіліп, арнайы сертификаттар беріледі.

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің сейсенбі күні шығатын №40 санынан оқи аласыздар.

Айна Имашева,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале