Дәл қазір облыстық әкімдіктің «Астана» залында өңір басшысы Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен 2022-2023 жылғы жылыту маусымын қорытындылау кеңесі өтіп жатыр.
Бірінші сөз алған БҚО энергетика және түрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Мирас Рүстемұлы облыстағы жылыту нысандарының жұмысын қорытындылап, коммуналдық желілердің тозу пайызы, аталған салаға бөлінген инвестициялар және тозу пайызын төмендету мақсатында атқарылатын жұмыс туралы баяндады.
– Биылғы жылыту маусымы аяқталды. Біз алдағы жылғы маусымға дайын болуымыз қажет. Осыған дейін берілген тапсырмалар мен жоспарланған іс-шаралар жүйелі түрде жүруі керек. Сол кезде ғана жұмыстың нәтижесі болады, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.
zhaikpress.kz