8.12.2025, 15:20
Оқылды: 30

БҚО-дағы әлеуметтік инфрақұрылым: соңғы жылдардағы жетістіктер

Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет салаларын дамыту қарқынды жалғасуда. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 50 медициналық нысан ашылып, үш жылда 442 дәрігер тартылды, оның 236-сы ауылдарға жіберілді.

5312275736976624466

Білім саласында 2023 жылдан бері 27 жаңа мектеп іске қосылды, оның 22-сі ауылдық елді мекендерде. Жыл соңына дейін тағы 3 мектеп ашылады, 11 апатты және 5 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді. Қазіргі таңда 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Спорт инфрақұрылымы да нығаюда: 2023-2025 жылдары 12 спорт нысаны ашылды, биыл 9 нысанның құрылысы жалғасып жатыр. Халықты спорт нысандарымен қамту көрсеткіші 66%-дан 76%-ға өсті. Мәдениет саласында 11 мәдениет үйі мен кешендер пайдалануға берілді, биыл 7 нысан салынуда. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ауылдарда 25 кітапхана жаңғыртылды, Оралда креативті хаб ашылды.
«Осы атқарылған жұмыстар өңірдің әлеуметтік, мәдени және спорттық әлеуетін нығайтып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етуде», – деді өңір әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале