2022 жылғы 11 наурызда «Jaiyq Press» ақпараттық сайтында «Газ бағасы назарда» деген тақырыпта жарияланым шықты.
Фотосурет: kyzylorda-news.kz
Өз кезегінде, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті Қазақстанда табиғи газбен жабдықтау саласындағы бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу ҚР Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті арасында бөлінгенін түсіндіреді.
Алайда табиғи газдың түпкілікті бағасы көп дәрежеде, іс жүзінде 78%, ҚР Энергетика министрлігі бекіткен ҚҚС-сыз 1000 текше метр үшін 12 122 теңге мөлшеріндегі көтерме бағаға байланысты және табиғи газ бағасының қалған бөлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетімен реттелетін тасымалдау қызметтерінен (17%) және газды өткізуге арналған шығындардан, яғни жабдықтау үстемесінен (4,7%) тұрады.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, жабдықтау үстемесінің деңгейін төмендету бөлігінде ТМРК тұтынушылардың барлық топтары үшін бағаны 1,5% - ға төмендетуге қол жеткізді. Ол 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді, оның ішінде БҚО тұтынушылары үшін ҚҚС-сыз 1000 текше метр үшін 260 теңгені құрады. Бұл төмендетілген баға тұтынушылардың наурыз айының басында алатын түбіртектерінде ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті