1.02.2024, 20:00
Оқылды: 91

БҚО-дағы кадрлық резервке іріктеуге кімдер қатыса алады?

Батыс Қазақстан облысының кадрлық комиссиясы Өңірлік резервке іріктеу 1 наурызда басталатындығы туралы хабарлайды.

ЖП, әкімдік

Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

1) Қазақстан Республикасының азаматтылығы;

2) құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан кем емес;

3) жоғары білімі болуы;

4) үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Құжаттарды қабылдау өңірлік резервке іріктеу бойынша онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүргізіледі. Жеке кабинетіне кіру логин және пароль арқылы кандидаттың өзімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, кандидаттар құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсына алады. Құжаттар Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 201 (306 бөлме) мекенжай бойынша немесе [email protected] электрондық пошта арқылы қабылданады.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

2024 жылғы «1» наурыздан 2024 жылғы «31» наурызға дейін (қоса) жүзеге асырады.

Сонымен бірге, құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада тіркеледі және құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдаудың соңғы күнінен кешіктірмей құжаттарды жүктейді.

Толық ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсынан, сондай-ақ келесі телефондар арқылы алуға болады: 8(7112) 50-92-82, 50-02-81, 8-771-596-50-19  Департаменттің әлеуметтік желі парақшаларынан ( Elgeqyzmet,   Батыс Қазақстан Мемлекеттік қызмет).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале