15.04.2024, 14:14
Оқылды: 51

БҚО-дағы су тасқынының алдын алу жұмысына 1577 техника жұмылдырылды

Бүгінде су тасқынына тап болған Батыс Қазақстан облысына қажетті көмек еліміздің әр аймағынан келіп жатыр. Қазіргі таңда гуманитарлық көмектен бөлек, арнайы техника да келуде.

Су техника
Кеше Орал шаһарына Түркістан және Ақтөбе облысынан жалпы саны 112 бірлік арнайы техника келді. Одан бөлек Қызылорда облысы да шет қалмады. Сыр бойындағы ағайын Жайық жағасын жайлаған елді топан судан аман алып қалу үшін 122 бірлік техника жеткізді. Одан бөлек, Алматы қаласынан келген 37 бірлік, Ақтөбе облысынан келген 47 бірлік техника қауіпті аймақтардағы жұмысын бастап кетті. Маңғыстау, Қостанай, Атырау, Жетісу, Жамбыл облыстары мен Шымкенттен келген техника мен арнайы мамандар да тасқынға тосқын болуда.

Су техника

Қазіргі таңда су басу қаупі бар аймақтарда 1577 бірлік техника жұмыс жасап жатыр. Оның 790 бірлігі экскаватор, тиегіш, ауыр жүк көліктері, тракторлар, бульдозерлер, тралдар, манипуляторлар,  крандар болса, 787 бірлігі жеңіл көліктер, автобустар, ассенизаторлар мен жүзу құралдары. Сондай-ақ үш тікүшақ та жұмыс істеп жатыр.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Су техника

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале