Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Мейірхат Қасымбаев өңірдің оңтүстік аудандарына апаратын «Өнеге-Бейсен-Сайхын» және «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» жолдарының құрылыс барысын тексерді. Бұл туралы БҚО әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
- Қыста қажет инертті материалдарды белсенді дайындағанның нәтижесінде қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. ҚТЖ-мен бірлесіп Сайхын, Жәнібек, Орал тауарлық және Тәуекел теміржол тұйықтары арқылы қиыршық тас жеткізуге арналған вагондар санын арттырдық. Мамандар қиыршық тасты бір күн сайын жеткізіп жатыр. Битум мәселесі де күн тәртібінде тұрған жоқ. Материалдың бір бөлігі қыста алынса, қазір РФ-дан жеткізіліп жатыр.
Екі жолдың жалпы ұзындығы 245 шақырым. Оның 170 шақырымына жаңа асфальт төселді. Маусымның соңына дейін мердігерлер қалған 75 шақырымға асфальт төсеуге міндетті. БҚО-ның оңтүстік аудандарында ауа-райы қараша айының ортасына дейін құрылыспен айналысуға қолайлы екенін ескерсек, мердігерлердің алдына қойылған міндеттемені орындауға әбден мүмкіндігі бар.
Су өткізгіш құбырлар мен көпірлердің құрылысы 85% аяқталды. Мал айдау өткелдерін салу толығымен аяқталды.
Жаңа асфальт төселіп, қозғалыс қамтамасыз етілді.
- Өнеге ауылынан Бейсен ауылына дейін;
- Сайхын аудан орталығынан Хан орда ауылына дейін;
- Күйгенкөл ауылынан Жәнібек аудан орталығына дейін;
- Қазталов аудан орталығынан Ащысай өзені арқылы өтетін көпірге дейін;
- Ащысайдан әрі қарай тағы 15 шақырым, - дейді Мейірхат Қасымбаев.
Айта кетейік, мердігер ұйымдарға проблемасы бар учаскелерде жұмысты барынша күшейту тапсырылған.