13.07.2021, 16:17
Оқылды: 33

БҚО депутаттық фракциясының отырысы өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жиналысы өткізілді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі М.Мұқаев фракция мүшелеріне фракцияның ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы баяндады.

4DCA0D15-0A83-4023-A301-69B0E81F92C2

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының 2021 жылғы 14 қаңтардағы жиналысында барлық әлеуметтік топтармен кері байланысты нығайту, халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізу, қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды қабылдау жүргізу, мемлекеттік органдардың есептілігін бақылау туралы міндеттер қойылған болатын.

Осы міндеттерді орындау мақсатында 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша халық арасында Батыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір! Сайлауалды бағдарламаласының іске асырылуын, жол картасы мен халық тарапынан түскен аманаттардың орындалуын кеңінен насихаттау мақсатында фракция мүшелерімен 139 кездесулер өткізілді (яғни канвассинг шаралары). Оның 22-сі облыстық мәслихат депутаттары өткізсе, 117-сі қалалық және аудандық мәслихат депутаттары өткізді.

Сонымен қатар, өздеріңізге мәлім, облысымыздың оңтүстік аудандарының халқы тарапынан түскен аманат, халықтың жайлы өмір сүруіне кедергі келтіретін мәселелердің бірі – Сарыөзен және Қараөзен су деңгейлерінің күрт төмендеп, мал шаруашылығын жүргізуде қолайсыздық туғызған болатын. Аталмыш мәселе фракция мүшелерінің назарынан тыс қалмай, жыл басында ҚР Премьер-министрі А.Ұ.Маминнің, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.З.Нығматуллиннің атына хат жолданды.

Қазіргі таңда өз нәтижесін беріп, 1,3 және 2,2 млрд. теңге қаражаттың бөлінуіне қол жеткізіліп, өзен сулары толықты.

IMG-20210713-WA0009

Сонымен қатар аталған оңтүстік аудандар халқының екінші күрделі мәселесі, халық аманаты – ақбөкендердің келтіріп отырған залалы болатын. Бұл бағытта да фракция мүшелері мәселені назардан тыс қалдырмады. Аталмыш мәселені мәслихат отырыстарында, әлеуметтік желіде көтеріп, ағымдағы жылдың сәуір айының 6-шы жұлдызында ҚР Премьер-министрі А.Ұ.Маминнің, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.З.Нығматуллиннің атына SQ-99-21/158 хаттар жолданған болатын.

Мамыр айында ҚР экология министрі Мағзұм Мырзағалиев арнайы келіп, қазіргі таңда мәселе шешім тауып отыр. Яғни, «Бөкей ордасы» мемлекеттік табиғи резерватын ашу туралы шешім қабылданды.

«Nur Otan» қоғамдық қабылдаулар арқылы адамдарға нақты көмектеседі және азаматтармен кері байланыс жасайды.

Облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне жылдың басынан 2446 өтініш түсті. 2021 жылдың 6 айында 997 (41%) өтініш оң шешілді. Қалған өтініштер бақылауда.

2021 жылы елдегі пандемияға байланысты, фракция мүшелері азаматтардың сауалдарын арнайы колл-орталық арқылы сонымен қатар, уатсап, фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілері арқылы да қабылдауларын, шұғыл іс-әрекеттер арқылы қолға алды.

Отырысты қорытындылай келе, Мұрат Рахметұлы фракция мүшелеріне жоғары аталған шараларды одан әрі дамытып, сайлау алдындағы міндеттемелердің орындалуын бақылау және жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ағымдағы жыл бойы есептер дайындап, мәселелерді бірлесіп шешу үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің, аудандық (қалалық) мәслихаттардың фракцияларымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен (тұрақты) тұрақты негізде бірлесіп жұмыс жасау қажет екендігін атап өтті.

Сонымен қатар М.Мұқаев фракция мүшелеріне бірқатар тапсырмалар берді.

 «Nur Otan» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале