15.07.2020, 21:44
Оқылды: 17

БҚО-ға Ресейден 60 түрлі дәрі-дәрмек әкелінді

Бүгін облысқа  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресей Федерациясынан үлкен сұранысқа ие дәрі-дәрмектер жеткізді.

ED541429-750C-4C8F-BFF2-1412C2ABDD08

Бұл шара өңірдегі дәрі-дәрмек тапшылығын жоюға сеп болмақ. Көпшілік көптен іздеп жүрген дәрілерді Алматы қаласындағы «Іңкәр» ЖШС облыс орталығындағы «Талап» АҚ қоймасына табыстады. БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Шәрбану Искакованың сөзінше, Ресейден жеткізілген коронавируске қарсы қолданылатын препараттардың 60-тан астам түрі қамтылған. Олардың арасында 24 мыңнан астам антибиотик, яғни цефтриаксон 1,0, азитромицин, меропенем, левофлоксацин секілді өзге де түрлері бар. Сонымен бірге 3 мыңнан астам қызу түсіретін дәрі, 2 мыңнан астам антикоагулянт және шағын мөлшерде вирусқа қарсы препараттар бар.

DBDE73A4-95B4-4D5C-A588-28927CD131B2

–  Бұл дәрі-дәрмектер негізінен аудан орталықтарындағы және біраз бөлігі Орал қаласындағы жеке дәріханаларға жолданады. Біз санап білгеніміздей, облыста жалпы саны 197 дәріхана бар. Жеткізілген дәрі-дәрмектер шамамен бір жарым аптаға жетеді, – дейді Шәрбану Рамазанқызы. Оның сөзінше, дәрі-дәрмектің қалған бөлігі келесі аптаның соңында Үндістаннан әкелінеді.

Ал шілденің 14 күні «Медсервис Плюс» компаниялар тобының БҚО филиалының қоймасына да дәрі-дәрмек әкелініпті. Вирусқа қарсы қолданылатын дәрілер, қызу басатын дәрі-дәрмектер, балаларға арналған парацетамол және өзге де  сұранысқа ие дәрілер үлестірілген.

– «Медсервис Плюс» ЖШС-ның бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Біздің компания медициналық ұйымдарға, стационарларға, жеке дәріханалар мен емханаларға келісімшарт бойынша дәрі-дәрмек таратады. Жұма сайын тауар жеткізіледі. Осы жексенбіде 102 млн. теңгенің тауарын күтіп отырмыз. Оның құрамында бактерияға қарсы дәрмектер, дәрілік ерітінділер болады,  – дейді аталмыш компания филиалының дәріхана қоймасы меңгерушісінің орынбасары Сурия Сәрсенғалиева. Мамандардың айтуынша, облыстағы «ЭМИТИ Интернешнл» және «Аманат» ЖШС көтерме сауда компанияларына да дәрі-дәрмектер жеткізілуде.

 Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале