26.02.2024, 9:15
Оқылды: 18

БҚО-ға төтенше жағдайлар министрі келді

 Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі жазды.

cee4666dba6836ec92df9fe405752bde_1280x720

Іссапардың негізгі мақсаты - аумақтық бөлімшелердің жұмысымен танысу, алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығын тексеру, проблемалық мәселелерді талқылау болып табылады.

Министр бірінші кезекте су тасқыны қаупіне неғұрлым бейім және өткен су тасқыны кезеңінде күрделі жағдай қалыптасқан аудандарға барып шықты.

Олар: Сырым, Бөрлі, Теректі және Қаратөбе ауданы. Министр әр барған учаскесінде аудан және елді мекен әкімдерімен кездесіп, жағалауларды нығайту жұмысын жүргізу барысымен танысты. Сонымен қатар аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері, өрт сөндіру бөлімдерін аралады.

a7f7f34dfc986a265e7f0d2fd0642d3a_1280x720

Бөрлі ауданының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне көктен барлау жүргізілді. Бөрлі ауданы Ақсай қаласының Қызылтал шағын ауданында ұзындығы 11,3 шақырым қорғаныс бөгеті орнатылды.

Облыс орталығына келген соң, төтенше жағдайлар департаменті, өрт сөндіру қызметі және өндірістік қауіпсіздік комитетінің департаментіне барды.

Жұмыс сапарының екінші күні министр Шыңғыс Арынов облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовпен бірлесіп, Деркөл өзенінің су тасқыны қауіпті учаскесіне, облыстық кардиологиялық орталық ауданына барған болатын.

Сондай-ақ Шаған су қоймасын аралады. Мұнда республикалық «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнының филиалы басшысы су шаруашылығының ағымдағы жағдайы және алдағы су тасқыны кезеңіне болжамды мәлімет жасады.

7d134c67a7110b820c58c41a28afa6dd_1280x720

Сонымен қатар жұмыс тобы қалалық өрт сөндіру бөлімшелері, Қазақстан бойынша ең көне өрт сөндіру бөлімдерінің бірінде орналасқан музейге барды. Мұнда облыстың азаматтық қорғау органдарының қалыптасуы мен даму тарихымен танысты. Жедел-құтқару жасағының орталық базасында болып, кинологиялық есеп, техникалар мен жабдықтарды қарап, жеке құраммен әңгімелесті.

Іссапар соңында өткізілген шаралар қорытындыланып, тиісінше тапсырмалар берілді.

Министр алдағы уақытта да азаматтық қорғау органдарының объектілеріне өзі барып, жеке құраммен кездеседі.

Фото: gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале