5.12.2022, 21:29
Оқылды: 117

БҚО-ға жұмыс сапарымен Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев келді

Өңірге келген вице-министр Арман Шаққалиев "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында аймақтың белгілі кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

1670244162494

Кездесуге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп жүрген, сауда саласында еңбек етіп жүрген кәсіп иелері жиналды.
"БҚО ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған аймақ. Біз үшін өңірдегі әр жаңашылдық маңызды. Мен ертең ірі өндіріс ошақтарын аралап, жұмысымен танысамын. Сауда саласының дамуына көрші елдердегі саяси ахуал өз қиындығын тигізді. Соған қарамастан біз осы саладағы барлық байланыстарды шешуге тырысып жатырмыз" деді өз сөзінде Арман Шаққалиев.

1670244162485
Кездесу барысында жергілікті өнімдердің сыртқы нарыққа шығуында кездесетін қиындықтар, оны шешу жолдары, өнімнің әлемдік стандарттарға сай болуы, сапалы өнім мен кәсібилік туралы сөз қозғалды.

1670244162515
Кездесуден кейін вице-министр Арман Шаққалиев журналистермен брифинг өткізіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале