25.08.2023, 15:45
Оқылды: 34

БҚО: газ баллон жабдығы бар машиналар айыппұл тұрағына жіберіліп жатыр

24-26 тамыз күндері БҚО ТЖД қызметкерлері мен БҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы «Газбаллон» республикалық профилактикалық шарасын өткізді.

4afdbf7a-1bbf-4f6b-8ece-a67076e8ae48

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жабық паркингтерде газ жабдықтары бар машиналардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Сонымен қатар тұрғындарға ондай машиналарды тұраққа қоюға тыйым салынатыны жайлы түсіндірілді.

Рейдтер барысында қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарының жерасты автотұрақтарында өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған екі фактісі анықталған. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалған.

Сонымен қатар рейд барысында автокөлік құралдарына тиісті рұқсатсыз газ-отын жүйесін орнатқан автокөлік иелерін анықталды. Құжаттары жоқ газ баллонды жабдықтары бар 5 автомашина айыппұл тұрағына жөнелтілген.

Құқық бұзушылыққа жол берген көлік иелеріне қатысты БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады.

Жұмыс жалғасып жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале