Классикалық музыка әлемдік композиторлардың ырғағы мен үйлесімінің үздік қосындысынан құрылған ерекше бағыт. Классика - бұл барлық уақыттағы ең жақсы музыкалық туындыларды жинаған нағыз қазына.
Бізде классика тыңдармандарына керемет жаңалық бар. 18 қазан күні сағат 19.00 де Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының фойесінде Асхат Хасановтың дирижерлығымен БҚО камералық оркестрінің ХІ маусымы ашылмақ.
«NEOCLASSIC» атты классикалық концертте ХХ-ХХІ ғасырдағы әлемдік композиторлардың музыкалары ойналады. Соның ішінде: К.Дженкинс, М.Рихтер, Б.Балмажес, Л.Эйнауди сынды композиторлардың әуендерін тыңдай аласыз. Оркестрдің ХІ маусымашарында Е.Шутарева, Б.Зұлпықар, Н.Ильменева өнер көрсетеді.
zhaikpress.kz