10.04.2024, 10:15
Оқылды: 47

БҚО кәсіпкерлері су тасқыны кезінде көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді

Премьер-Министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Кездесуге құрылыс, өндірістік және жол-құрылыс компанияларының басшылары, сондай-ақ өңірдің ірі кәсіпкерлері қатысты.

Бизнес өкілдеріне кәсіпорындарының бүгінгі жағдайы жөнінде және келтірілген шығындар туралы айтуға, су тасқынына қатысты толғандыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді.

cdfb8682-866a-4479-872f-6deb906c8e75

Премьер-Министрдің орынбасары мемлекет бизнес-қоғамдастыққа қажетті қолдау көрсететінін атап өтіп, жергілікті атқарушы органдармен байланыста болуды сұрады.

"Сіздердің көпшілігіңіз өндірістік процестерге ғана емес, шикізатпен қамтамасыз ету, логистика және өткізу мәселелеріне де қатысты күрделі жағдайға тап болғаныңызды түсінеміз. Келтірілген шығындар туралы әрбір мәлімдеме жеке қаралады. Бұл бірінші кезекте шағын және орта бизнеске қатысты", - деді Нұрлан Байбазаров.

Сондай-ақ, вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдарымен ШОБ субъектілері мен жеке кәсіпкерлердің несиелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және айыппұлдар мен өсімдердің күшін жою түрінде қолдау іс-шараларының іске асырылып жатқанын еске салды.

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев өз кезегінде өңірдің 50–ге жуық кәсіпорны қазіргі уақытта су тасқынына қарсы күресте барынша қолдау көрсетіп, арнайы техника мен жұмыс күшін бөлгенін айтып, алғысын білдірді.

ce95a467-b933-4118-80a7-8d5d323888f4

Бизнес өкілдері екінші толқын кезінде және қалпына келтіру жұмыстары кезінде су тасқынына қарсы күресте қосымша ресурстар, соның ішінде қажетті техника, сондай-ақ қаражатты арнайы қорларға аудару арқылы қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екендіктерін мәлімдеді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале