БҚО әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметіне Гүлжанар Болатқызы Шөкеева тағайындалды.
Гүлжанар Болатқызы 1967 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Талов ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
1990 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын «Химия және биология», 2008 жылы Қазақстан-Ресей университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Абай атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастаған.
10 жылдан астам уақыт білім саласында еңбектеніп, Алматы қаласында орта білім саласында, кәсіби лицейде химия-биология пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
Мемлекеттік қызметті 2004 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінің аумақтық басқармасының бас маманы қызметінен бастап, департаменттің басшысы лауазымына дейін көтерілді.
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет Министірілігінің қоғамдық жұмыс департаментінің әлеуметтік технология және саяси жоспарлану бөлімінің басшысы қызметінде болды.
2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығында консультант лауазымында жұмыс атқарды.
2010-2015 және 2018-2019 жылдары Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымында болды.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында оқытушы-лектор болып жұмыс атқарды.
Осы уақытқа дейін «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» Заңды тұлғалар бірлестігінде қызмет атқарып келді.