Бұл туралы БҚО Полиция департаметінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Бір тәулікте 78 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Қоғамдық орында ішімдік ішіп, тәртіпті бұзғаны үшін 25 адам айықтырғышқа жіберілді, - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Бұдан бөлек жол жүру ережесін бұзғаны үшін 335 хаттама толтырылған. Ал қала бойынша 14 құқық бұзушылық тіркелген.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz