17.01.2025, 17:45
Оқылды: 19

БҚО: Міндетті зейнетақы жарналарын аудармағаны үшін жауапкершілік көзделген

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы талдау аясында міндетті зейнетақы жарналары аудармау фактісін анықтады. Бұл туралы БҚО прокуратурасы ресми парақшасында хабарлады.

акша

Сурет: сайт архивінен

2024 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында «Коммунал» мемлекеттік кәсіпорыны 28 қызметкерге 3 миллионнан астам зейнетақы жарналарын төлемегені анықталды.

Аталған факт бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижелері бойынша «Коммунал» мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 91-бабының 6-бөлігінің 5)тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы)), қарыз толығымен өтелді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале