8.09.2023, 11:28
Оқылды: 5

БҚО монополистері халықтан негізсіз 247,88 млн. теңге алған

    Тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді талдау қорытындысы бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2022 жылғы табиғи монополиялар субъектілерінің 70 есебін қарады.

b6e47d4200ac40ea8f6af5c0bf3d69a9 (1)

Оның ішінде:

- тарифтік сметаларды орындау бойынша - 58;

- инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша - 12 .

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес монополист субъектілер инвестициялық бағдарламаларда көзделген іс - шаралардың толық кешенін бекітілген тарифтік сметаның негізінде жүзеге асыруға және уәкілетті органға есептер беруге міндетті.

Өткен 2022 жылғы тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын талдау нәтижелері бойынша монополистердің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалар бойынша шығын баптарын орындамауы анықталды.

«Осылайша, бұзушылықтарға жол берген 23 субъектіге қатысты ҚР Ұлттық Банкінің 247,88 млн. теңге мөлшеріндегі қайта қаржыландыру мөлшерлемесімен негізсіз табыстың жалпы сомасына уақытша өтемдік тарифтер енгізілді», - деп хабарлады БҚО бойынша ТМРКД басшысы               Гүлжаз Қазбекова.

Нәтижесінде, 23 субъектіге 2023 жылғы 1 тамыздан және 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіле отырып, уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

«Енгізілген уақытша өтемдік тарифтердің нәтижесінде, тарифтерді төмендету жағына қайта есептеу жүргізілетін болады», - деп түсіндірді БҚО бойынша ТМРКД.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале