19.12.2018, 18:05
Оқылды: 29

БҚО-ның 2018 жылғы 20 жетістігі

Биылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысын сараптай келе, БҚО-ның төмендегідей жетістіктеріне тоқталуға болады:

2018

 

  1. 2018 жылдың жартыжылдық есебі бойынша БҚО-да жалпы өңірлік өнім көлемі – жан басына шаққанда 1900,5 мың теңге.

 

  1. Медицина саласы мекемелері 100 пайыз компьютермен қамтылды.

 

  1. Электронды денсаулық төлқұжатымен тұрғындардың 100 пайызы қамтылды.

 

  1. 35 медициналық мекеме қағазсыз құжат айналымына көшіп, 121 есептің 108-і электронды нұсқаға ауыстырылды. «K-vrachu.kz» порталы мен мобильді қосымшасы арқасында пациентті дәрігердің қабылдау уақыты 15 минуттан 30 минутқа өсті.

 

  1. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100% мектепке дейінгі білім берумен қамтылды. Бұл көрсеткіш жөнінен БҚО республика бойынша алғашқы бестікке қосылды.

 

  1. Облыстағы барлық мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелерге кезекке тұрудың автоматты жүйесі іске қосылған.

 

  1. Облыстағы 223 шағын жинақты мектеп 612 дана «Bilimbook» компьютер-трансформермен қамтылды.

 

  1. 2018 жылдың 3-тоқсаны бойынша жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар (NEET) үлесі 3,0% (2016 жылғы 3,1% ) құрады. Бұл республикадағы ең төменгі көрсеткіш.

 

  1. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде өсім бар. БҚО республика бойынша І орында (2016 жылы 6-орында).

 

  1. 2018 жылдың 11 айындағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша облыс 4-орында.

 

  1. ЖІӨ мен шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі – 40,1%. Еліміз бойынша 3-орын (2017 жылы 6-орында)

 

  1. Аймақтар мен қалалардың рейтингісінде бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша облыс 4-орында.

 

  1. БҚО-дағы Теректі ауданы шағын және орта бизнесті дамыту көрсеткіші жөнінен республика бойынша 232 ауданның ішінен үздік атанды.

 

  1. Жалпы инвестициядағы шетелдік инвестиция үлесі 62,3% құрап, облыс республика бойынша І орында тұр (2015 жылы - 61,9%, 2016 - 77,1%, 2017 - 70%)

 

  1. БҚО тұрғындарының 95,4% газбен қамтылып, бұл көрсеткіш бойынша облысымыз Алматы қаласы мен Атырау, Маңғыстау облысынан кейін 4-орыннан көрінді.

 

  1. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша БҚО өткен жылы 2017 жылы өңірлер арасында І орында болды (142,4%). Биыл 406,6 мың шаршы метрге үй салынды (республика бойынша 7-орында). Соңғы үш жылда 929,5 мың шаршы метрге үй пайдалануға берілген.

 

  1. Ет экспортау бойынша биыл ІІ орын. 2016 жылы 2074 тонна, 2017 жылы 2242 тонна, 2018 жылы 2809 тонна ет экспортқа шығарылды.

 

  1. Облыс ірі қара мал санының 2018 жылғы 1 желтоқсандағы есебі бойынша өңірлер арасында 4-орынға тұрақтады. Ал ұсақ мал мен жылқы санынан 5-орында.

 

  1. БҚО-да ғана easy.zko.org.kz порталы арқылы жер телімін электронды түрде сатып алу актісін жасауға қол жеткізе алады.
    Келісім 2-3 айдан 5-10 күнге дейін қысқарып, өтініш берушінің 20-дан астам ұйыммен байланысы тоқтатылады. Бұл сыбайлас жемқорлық қаупін төмендетеді.

 

  1. Апатты жағдайдағы үй мәселесін шешу жөнінен БҚО-дағы 2015 жылдан бері жүзеге асып жатқан жүйені ҚР Президентінің Әкімшілігі ең озық жұмыс деп таңдады.

2015 жылдан бастап осы жүйемен 11 апаттық үй бұзылып, оның орнына 2 үй салынды. 48 отбасы жаңа пәтерге көшті. Ал 113 отбасы уақытша қоныс аударылды. Тағы 6 үй салынуда. Олардың екеуінің құрылысы жылдың аяғына дейін аяқталса,  20 отбасы жаңа пәтер алады.

© zhaikpress.kz

*Деректерді БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале