5.01.2022, 9:25
Оқылды: 38

БҚО-ның әкімі Ғали Есқалиевтің үндеуі

A5FA21BD-8B45-47E0-92DC-878011D1525F

Құрметті батысқазақстандықтар!

4 қаңтар күні Орал қаласының Абай алаңында рұқсат етілмеген митинг қатысушылары тарапынан арандату әрекеттерге жол берілді. Нәтижесінде, құқық қорғау органдары заңсыз әрекеттерге жол берген азаматтарға қатысты тиісті шара қолданды.

Қадірлі жерлестер, қоғамның тұрақтылығы мен бірлігіне нұқсан келтіруге тырысып жүрген деструктивті топтарға ермеуіңізді сұраймын. Әсіресе жастарға жеке тоқталғым келеді: тума-туыстарыңызды ойлап, болашақтарыңызға балта шаппаңыздар.

Біз тұрақтылық пен азаматтардың тыныштығы жолында кез келген келіссөздерге дайынбыз. Барлық заңды талаптар ескерілетінін және маңызды мәселелер тек бейбіт келіссөздер арқылы шешілетінін айтқым келеді.

Өңір тұрғындары осы сыннан сүрінбей өтіп, жаппай тәртіпсіздік пен заңға қайшы іс-әрекетерге жол бермейді деп сенемін.

Жерлестерді сабырлыққа, қоғам мен мемлекетімізге қарсы жұмыс жасайтын түрлі арандатушыларға тойтарыс беруге шақырамын.

Бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін бағалай білейік.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале