24.06.2021, 16:10
Оқылды: 303

БҚО-ның камералық оркестрі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық халық аспаптары оркестрімен меморандуға қол қойды

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі сонау 1934 жылы академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен құрылған өнер ұжымы, бүгіндері тәуелсіз мемлекетіміздің інжу-маржанына айналған  Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық халық аспаптары оркестрімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

DC96ED42-04C8-400B-B3F5-9FAA5959C928

Ортақ ниетке тоғысқан қос өнер ұжымы мәдениет және өнер саласындағы рухани даму және ынтымақтастық мақсатын көздейді. Аталған құжат аясында тараптар мәдени маңызды іс-шараларды дайындау және іске асыру кезінде өзара көмек көрсетуге, орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өзара тәжірибе алмасуға, сондай-ақ музыкалық алаңды ұсыну бойынша бір-біріне қолдау көрсетуге ниетті.

Айта кетейік, БҚО камералық оркестрінің директоры Салтанат Абулгазиева 11 маусым күні  елордасы Нұр-Сұлтан қаласында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясымен Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта тағы бірнеше өнер ұжымымен ынтымақтастық орнататындарын жеткізді. Биыл құрылғанына 10 жыл болған оркестр мерейлі датаға орай өзара серіктестік қарым-қатынас орнатқан қалалар мен елді мекендер сахнасында болашақта өнер көрсептек.

БҚО камералық оркестры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале