24.06.2021, 16:05
Оқылды: 300

БҚО-ның камералық оркестрі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясымен меморандуға қол қойды

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі көп жылдық тарихы бар сонау 1935 жылы құрылған Жамбыл атындағы  Қазақ мемлекеттік  филармониясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Филармонияның тұңғыш директоры және көркемдік жетекшісі болып, аса көрнекті музыкатанушы ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның Халық әртісі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов қызмет атқарды.

D52E758A-AA83-40D5-8AA5-8E7D86BFBC6C

Сонымен қатар қара шаңырақ атанған  филармонияның алғашқы құрамында қазақ өнерінде аты аңызға айналған атақты күйшілер Дина Нұрпейісова, Қали Жантілеуов, Оқап Кабиғожин, әншілер Әміре Қашаубаев, Жамал Омарова, Ғарифолла Құрманғалиев, Күләш Бәйсейітова, Бибігүл Төлегенова, ағайынды Ришад және Мүслім Абдуллиндер сынды біртуар жарық жұлдыздары жиналып, қазақтың музыка өнерін шыңдады.  Ортақ ниетке тоғысқан қос өнер ұжымы мәдениет және өнер саласындағы  рухани  даму және ынтымақтастық мақсатын көздейді.  Аталған  құжат аясында тараптар мәдени маңызды іс-шараларды дайындау және іске асыру кезінде өзара көмек көрсетуге, орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өзара тәжірибе алмасуға, сондай-ақ музыкалық алаңды ұсыну бойынша бір-біріне қолдау көрсетуге ниетті.

Айта кетейік, БҚО камералық оркестрінің директоры Салтанат Абулгазиева 11 маусым күні  елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясымен және 22 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрімен

Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта тағы бірнеше өнер ұжымымен ынтымақтастық орнататындарын жеткізді. Биыл құрылғанына 10 жыл болған оркестр мерейлі датаға орай өзара серіктестік қарым-қатынас орнатқан қалалар мен елді мекендер сахнасында болашақта өнер көрсетпек.

БҚО камералық оркестры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале