БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, конкурстық комиссияның шешімі бойынша Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы лауазымына Мұрат Амангелдіұлы Умралеев тағайындалды.
Білімі - жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «тарих», «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары Шыңғырлау ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, қала әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.
2015 жылдың шілдесінен бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.