БҚО полицейлері автокөлік салонынан еліктің еті мен аңшы мылтықтарын тапты, деп жазады @POLICE_of_KZ telegram каналында.
Фото: lada.kz
Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолында BMW және Toyota Land Cruser GXR автокөліктерінен МЦ-21-12 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, он екі калибрлі оқпан арнасында патроны бар МР-153 маркалы карабин, жолбарыс карабин, 37 ұсақ калибрлі патрон және еліктің еті салынған пакеттер табылып, тәркіленді.
Қаруға тиісті құжаттар бар.
Аталмыш фактіге қатысты, ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеу басталды.