Өңір тұрғындарының тыныштығын 2000-нан астам тәртіп сақшысы күзетсе, полицейлердің денсаулығы «БҚО ПД емханасы мен госпиталі» ММ-нің 51 қызметкерінің бақылауында.
Жалпы алғанда госпиталь полицейлерден басқа, ҚР Ұлттық Ұланы Әскери бөлімінің жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаментінің, прокуратураның, басқа да күш құрылымдарының қызметкерлері және олардың отбасы мүшелеріне қызмет көрсетеді.
Емхана бір күнде 250 адамды қабылдай алады. Бұдан басқа 45 орынға шақталған стационар, оның ішінде 10 орын терапевтік, 10 орын неврологиялық қызмет көрсетеді.
Жалпы 2 қабатты әкімшілік ғимарат 19 ғасырда 1821 жылы тұрғызылған екен.
Медициналық орталық қызметкерлері ішкі істер органдары зейнеткерлерін назардан тыс қалдырмайды, үйлеріне барып, қажетті ем-дом жасап, тексерістен өткізіп тұрады.
Мерекеге орай департамент басшысы Арман Молдиярұлы медицина қызметкерлерін грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады. Құрмет көрсетілгендердің ішінде мекеменің ардагері, дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар бар.
««Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық». Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, ақ халатты абзал жандардың мерекесі.
Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды “абзал жандар, адам жанын құтқарушы” деп айтамыз. Қалай атасақ та, артықтық етпейді. Дәрігерді құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы. Ауырсақ, сырқаттансақ, бірден осы адамдарға жүгіреміз. Алдына барған бізге мейіріммен қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін береді. Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады.
“Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы”. Сондықтан Полиция департаментінің жеке құрамы атынан әрқайсысыңызға алғыс білдіріп, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін!», - деді Арман Оразалиев.
Кейін медицина қызметкерлеріне мерекелік дастархан жайылды.
БҚО ПД баспасөз қызметі