13.02.2025, 15:00
Оқылды: 202

БҚО прокурорлары мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғады

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйін талдау барысында инватакси қызметтерін көрсетуде заңды бұзушылықтарды анықтады, - деп жазады Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жазды. 

stock-photo-a-businessman-in-a-wheelchair-enjoys-a-moment-of-laughter-by-a-large-window-in-a-modern-office-2575514247

 

Сурет: shutterstock

Ауданның жергілікті атқарушы органдары 2024 жылы бұл бағыттағы жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмаған.

Қаратөбе ауданы бойынша кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар 19 адам тіркелген, оның 4-і кәмелетке толмағандар.

Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әзірленген техникалық сипаттамасына сәйкес инватакси қызметтері жұмыс күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін ғана көрсетілді.

Мұндай шарттар қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзуға әкеп соғады.

Сондай-ақ, инватакси қызметін көрсететін жеткізуші біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

Инватакси қызметі кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған арнайы құрылғымен жабдықталмаған көлікпен жүргізілген, көліктерде арнайы балаларды ұстау құрылғысы жоқ және ерекше такси белгісі жоқ.

Қаратөбе ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша 2025 жылға арналған инватакси қызметтерін көрсету конкурсының шарттары заңнамаға сәйкес қойылып, қазір күндізгі және түнгі жұмыс кестесін, демалыс және мереке күндерін қамтиды.

Сонымен қатар, аудандық прокуратураның ұсынуы бойынша Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы» ескертілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале