3.11.2021, 14:31
Оқылды: 60

БҚО: Самара мен Саратов бағытындағы жолдар жүк көліктері үшін ақылы болмақшы

Батыс Қазақстан облысында Самара мен Саратов бағытындағы жолдар жүк көліктері үшін ақылы болмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі.

211103150447788a3857266i
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, бастапқы кезеңде Орал-Самара және Орал-Саратов жолдарында тек жүк көліктерінен ақы алу жоспарлануда. Оның сөзіне қарағанда, бұл – әлемде бар тәжірибе. Барлық жиналған қаражат ақылы жолды күтіп ұстау мен жол бойында көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға жұмсалады. Ақылы жолдарға республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейді.

«Аталған жолдар қазіргі заманғы талапқа сай жөнделген. Халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын үлкен көліктер осы жолдармен көп өтеді. Ақылы қызмет бағасы Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытындағы жолдағымен бірдей болмақшы», деді Ә.Кәрімбаев.

Сонымен қатар жол бойындағы қызмет сапасын арттыру да маңызды. Екі жол бойында 98 қызмет көрсету нысаны орналасса, соның 63-і немесе 64 пайызы ұлттық стандартқа сай келеді.

«Қазіргі таңда инвестициялар есебінен 3 «SinoOil», «Бүркіт» және «GasEnergy» жанар-жағар май құю стансасы салынуда. Сондай-ақ «Нефтэк» жанар-жағар май құю стансасымен демалыс алаңдарының жанында жол бойындағы қызмет нысандарын тұрғызу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді», деді филиал директоры. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында екі республикалық жолдың жаңғыртылатынын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале