Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақты. Су басу қаупі жоқ. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД ақпаратына сүйенсек, жедел штабтың шешіміне сәйкес соңғы 3 күнде қоңыраулардың түспеуіне байланысты "жедел желі" телефонының жұмысы тоқтатылған.
Бұл ретте жедел штабтың жұмысы жалғасып жатыр. Тәулік бойы кезекші қызметтердің телефондары тұрақты жұмыс істейді.
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап БҚО-дағы «жедел желі» телефонына тұрғындардан 200-ден астам қоңырау түскен. Жедел штаб Орал және Елек өзендері деңгейінің жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатыр.
Аудан әкімдіктерінде су басқан тұрғын үйлерді санау, жергілікті атқарушы органдар тиісті көмек көрсету үшін материалдық залалды белгілеуге жұмыс жүргізетін комиссиялар құрылды.